бейсенбі, 24 қазан, 2024 2:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық боксшы Әлімхан Аманқұл ұлттық құрамаға оралды

Жамбылдық боксшы Әлімхан Аманқұл ұлттық құрамаға оралды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Спортшы әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан болатын

75 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған боксшы Әбілхан Аманқұл Қазақстан құрамасына қайта оралмақ. Бұл туралы спортшы бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Кәсіпқой бокста өнер көрсеттім, бірақ жекпе-жектер болған жоқ. Бір жарым жылдай шаршы алаңға шықпадым. Бірақ жаттығуды жалғастыра бердім. Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір ұлттық құрамамен жаттығуға кірістім. Қазақстан чемпионатында бағымды сынап көргім келеді, әрі қарай көре жатармыз», — деді ол.

Естеріңізде болса, жерлесіміз  2017 жылы Гамбургте өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Әуесқой бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері.  Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар