Спорт

Жамбылдық боксшы Әлімхан Аманқұл ұлттық құрамаға оралды

Спортшы әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан болатын

75 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған боксшы Әбілхан Аманқұл Қазақстан құрамасына қайта оралмақ. Бұл туралы спортшы бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Естеріңізде болса, жерлесіміз  2017 жылы Гамбургте өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Әуесқой бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері.  Ол 2020 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан.