Жамбылдық боксшылар ел чемпионатында бес бірдей жүлде жеңіп алды
Бұл сайыста Ғани Жайлаувов жетекшілік ететін Әулиеата құрамасы табысты өнер көрсетті.
Өскемен қаласында 2008–2009 жылы туған жастар арасында өткен бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл сайыста Ғани Жайлаувов жетекшілік ететін Әулиеата құрамасы табысты өнер көрсетті. Жамбыл облысының жас боксшылары жалпы есепте 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Жекелей нәтиже төмендегідей:
Алтын жүлде:
– Әшірбай Бибарыс (70 кг)
Күміс жүлде:
– Қыздарбек Нұрбек (80 кг)
– Саутібек Айдамир (+90 кг)
Қола жүлде:
– Қалабай Ажүрек (65 кг)
– Бауыржан Алиакбар (80 кг)