Жамбылдық қос боксшы Азия ойындарының финалына шықты
- авторБақытжан Бекболат
- 29 қазан, 2025
- 819
Күні кеше өткен жартылай финалдық сайыстарда қазақстандық сегіз боксшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солардың қатарында Жамбыл облысының қос саңлағы – Мұхамедәлі Рүстембек пен Елнура Қоңырат та бар.
Олар өз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, финалдық кезеңге жолдама иеленді.

Ерлер арасындағы +80 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мұхамедәлі Рүстембек жартылай финалда ирандық Фархуд Гурбаниді 5:0 есебімен жеңіп, қарсыласынан әлдеқайда шебер екенін дәлелдеді.
Ал әйелдер бәсекесінде ел намысын қорғаған Елнура Қоңырат та финалға шықты. +80 келідегі отандасымыз ирандық Фатиме Ратигармехженабадиден айласын асырып, сенімді жеңіске жетті.
Жамбылдық қос боксшының финалдағы өнері Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль әкеледі деген үлкен үміт бар.






