Спорт

Жамбылдық спортшы әлем чемпионы атанды

Қарағандыда аралас жекпе-жектің бірегей қазақстандық нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өтуде

Жамбылдық спортшы аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркия, Иран, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және Австралия сияқты 15 елден 1132 үздік жауынгер қатысты.

Ел намысын қорғаған спортшылар арасында Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тумасы Мәулен Ержанұлы да  бар.

2006 туылған жасөспірім 86+ салмақ дәрежесінде Түркия, Қырғызстан, Пәкістан мемлекеттерінен келген спортшыларды айқын басымдықпен ұтып, әлем чемпионы атанды.