Спорт

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова Тоқаевқа қандай өтініш айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-ға жасаған жұмыс сапары кезінде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына барды

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығын және оның базасында ашылған Жеңіл атлетика бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебін аралап көрді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Қазір бұл орталықта 713 жас спортшы жаттығады. Cпортшылар 2023 жылы 281 медаль жеңіп алған.

Ақорданың ақпаратына сүйенсек, Ольга Рыпакова елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, ол өңірде спорт медицинасы орталығын құру маңызды деп санайды. Бұл Алтайдың әсем де жанға жайлы табиғаты аясында өтетін жеңіл атлетика бойынша оқу-жаттығу жиындарын емдеу-оңалту процедураларымен сабақтастыруға мүмкіндік береді. 

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мен ШҚО әкімі Ермек Көшербаевқа аталған мәселені бақылауға алуды тапсырды.