сенбі, 5 қазан, 2024 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді
ашық дереккөзі
Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Әли Қабдолла (6-0) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен EFC 31 турнирінде жеңіске жетті.

Жартылай жеңіл салмақта төбелесетін 25 жастағы қазақстандық ресейлік Имран Жулаговқа (11-4) қарсы шықты. Arlan MMA Pro Team өкілі қарсыласын екінші раундтың ортасында қылғындыру әдісімен жеңді. Шешен файтері әдістен шыға алмай, берілуге мәжбүр болды.

"Бұл жеңісімді Тәуелсіздік күніне арнаймын, Arlan MMA Pro Team және Tobet Top Team командаларына рақмет айтамын. Белбеу иегері болғым келеді", - деді Қабдолла жеңісінен кейін.

Бұл Әлидің спорт карьерасындағы алтыншы, биылғы бірінші жеңісі. Бұған дейін осы турнирде тағы екі қазақстандық төбелескен. Аслан Ораз нокаутпен жеңсе, Заур Албаков мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, ұйым иесі - Хабиб Нурмагомедов.

  Tengrinews.kz 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар