Спорт

Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық ресейлік қарсыласын қылғындыру әдісімен жеңді

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Әли Қабдолла (6-0) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен EFC 31 турнирінде жеңіске жетті.

Жартылай жеңіл салмақта төбелесетін 25 жастағы қазақстандық ресейлік Имран Жулаговқа (11-4) қарсы шықты. Arlan MMA Pro Team өкілі қарсыласын екінші раундтың ортасында қылғындыру әдісімен жеңді. Шешен файтері әдістен шыға алмай, берілуге мәжбүр болды.

Бұл Әлидің спорт карьерасындағы алтыншы, биылғы бірінші жеңісі. Бұған дейін осы турнирде тағы екі қазақстандық төбелескен. Аслан Ораз нокаутпен жеңсе, Заур Албаков мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, ұйым иесі - Хабиб Нурмагомедов.

  Tengrinews.kz