Сұхбат

Әбілхайыр Тамабек: Біз жаза бассақ, Мемлекет басшысына сын

Әбілхайыр Тамабек: Біз жаза бассақ, Мемлекет басшысына сын

Былтыр желтоқсан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүргізілген Президент жастар кадр резервінің қорытындысы жарияланып, 300 қазақстандық жас іріктеп алынған болатын. Қазіргі уақытта резервке енген жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалып, жемісті жұмыс атқаруда. Жобаға қатысып, 300 жастың қатарына енген Әбілхайыр Тамабектен сұхбат алып, бұл жоба оған қандай мүмкіндік бергенін, Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалғалы қандай жұмыстар атқарылғанын сұраған едік.

Ол аталған жобаның әр кезеңінен қалай өткенін айтты.

Бастапқыда мыңдықтың қатарынан көрінуді де жетістік санаған Әбілхайыр Тамабек ондыққа кіру мүмкіндігі бар екеніне де көз жеткізеді.

Ол Президенттік жастар кадрлық резерві құрамына кіргеннен кейін әртүрлі министрліктен, облыстық әкімдіктерден 60-тан астам қызмет ұсынылғанын айтты. Ұсынылған қызметтерді саралай келе таңдау жасап, биыл 28 қаңтарда Жамбыл облысы әкімдігінің Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.

Оның айтуынша, басқарманың құрылғанына 8 жыл болған. 2012 жылға дейін «Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстық өңіраралық жер инспекиясы» болып аталса, 2012 жылы Жамбыл облысы Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы болып бөлек шыққан.

Ол бекітілген заңды басшылыққа ала отырып жұмыс істейтінін айтты.

Ол Президенттік жастар резервінің құрамына кіру арқылы қандай мүмкіндіктерге ие болғаны туралы айтты.

Оның айтуынша, мұндай жобаларға жастар белсенді түрде қатысып, атсалысуы керек.

inform.kz