дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақтың қабілеті қандай болған?

Қазақтың қабілеті қандай болған?
ашық дереккөзі
Қазақтың қабілеті қандай болған?

Өте ертеден келе жатқан «Аязби» дейтін ертегі бар. Желі­сі мынадай: көне заманда Ма­дан  деген хан болыпты.

Ол қы­рық уәзіріне жер бетіндегі жаман адамды табыңдар дейді.   Уәзір­лер «ең жаман адам мынау» деп біреуді алып келеді. Бірақ ол адам «жаман» болмай шығады. Оның керемет сыншылық қабілеті бар екен.  Хан Жаманды шақырып алып, сұрайды:

– Ей, Жаман, мені сынашы, неше атамнан бері ханмын? – дейді. Жаман:

– Тақсыр, хандық тек қара басыңда, дейді.

– Қате айттың! Мен жеті атам­нан бері ханмын. Өзімді былай қойғанда  алты атамды қай­да жібересің? – деп зекиді хан. Жаман саспайды.

– Жоқ, тақсыр! Сіз нағыз наубайшының баласысыз, дейді.

Хан не дерін білмей, туған анасын алдырып, шындықты айтуын өтінеді. Анасы оның шын мәнінде ханның ұлы емес екенін, өзіне дейінгі 10 әйелді Зәрлі хан кілең қыз туғаны үшін жарып өлтіргендігін, содан құрсағына қыз біткенін білген ол өзімен бір мезгілде ұл көтер­ген наубайшының әйелімен жасырын келісіп, нәрестелерді алмастырып алғанын айтады. Бұл сөзді естіген хан:

– Япырмай, менің наубай­шының баласы екенімді қайдан білдің? – дейді. Сонда Жаман:

– Мен жаман-жақсы болсам да үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы – жал мен жая аузыңызға түспей, нан түсіп, мені аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тарттыңыз. Сіздің хан тұқымынан емес екеніңізді содан байқадым, – дейді.

Осы сияқты мысалдар көп.  Мысалы, Толыбай дейтін ат сын­шысы жолаушылап келе жатып, анадай жерде құмда көміліп жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен, имек тұмсық, бөкен танау, көзінің ойындысы терең, жар қабақ, екі жақтың ортасы алшақ, тістері әлі жалтырап тұр, сүйегі қандай асыл еді жануар­дың. Мына тұмсығына қарағанда шоқтығы биік, аяғы ұзын, қоян тірсек, серпіні қатты, сіңірлі екен. Құмдауыт, босаң, көбелең жерде бәйге бермейтін жылқы. Жасы тоғыздан асып, онға қараған дер шағында өлген екен жануар. Аттың өлгеніне үш жыл болыпты» депті.

Бұл дүниелерді неге айтып отырмыз? Бұрынғы қазақтардың қабілеті осындай болған. Біздің қазақ дәл осы қабілетінен айырылып қалды. Шығыс даналығы десек те болар, «қорлыққа (қор бол­ған) ұшыраған жұрт қабіле­тінен айырылады» дейтін тәмсіл бар.

Қор болу деген не, соған тоқталайық. Абай айтады:  «Күллі адам баласын қор қы­ла­тын үш нәрсе бар. Сонан қаш­пақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәр­сені оларсыз біліп болмайды. Білім­сіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,  кедейлік – бәрі осыдан  шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан  бөлінеді, бір жыртқыш хайуан  қисабына қосылады» дейді.

Бұндай қорлықтан қалай құ­тылуға болады? Оның жолын тағы да Абай айтады: Қор­лықтың емі – халлақына (иманға) ма­хаб­бат, халық ғаламға (ел-жұртқ­а) шапқат, – дейді. Демек, қауы­мы­ның халлаққа сенім-махаббаты жо­ғалса, халық ғаламға мейірім-ша­­па­ғаты азайса, ол жұрт қабі­ле­ті­нен айырылып қор болады екен.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар