сенбі, 23 қараша, 2024 5:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сәтсіздіктер - бұл бәрін қайтадан бастауға берілген мүмкіндік!

Сәтсіздіктер - бұл бәрін қайтадан бастауға берілген мүмкіндік!
ашық дереккөзі
Сәтсіздіктер - бұл бәрін қайтадан бастауға берілген мүмкіндік!
Генри Форд ( 30.07. 1863 жыл — 07.04. 1947 жыл) – əлемге əйгілі тұлға,  машина құрылысында революция жасаған,  жеке автомобильді ойлап тапқан адам, бір сөзбен айтсақ, автомобиль бизнесінің негізін қалаушы. Фермер отбасында өмірге келген Генри бала кезінде əкесінің шаруашылығына қолқабыс етіп, таң атқаннан кеш батқанға дейін егіс басында еңбек етеді. 12 жасында əкесі ұлына қалта сағатын сыйлайды.  Ал Генри болса шыдамай, сағаттың ішін, қалай жұмыс жасайтынын көру үшін оны ашып қарайды. Сағат механизмін түсініп, басқалардың бұзылған сағатын жөндеуге кіріседі. Көрші шаруалардың құралдарын жөндеп беріп, алғашқы табыстарын таба бастайды. Бала кезінен ойыншықтар мен кез келген құрылғыны бұзып, іштерін көруге əуес болған Генридің бауырларына үнемі ата-анасы "Генриге бермеңдер, бұзады" деп ескертумен болады екен. 16 жасында Генри Форд  Детройт қаласына көшеді. Генри  алдымен механик, сосын  сағатшының көмекшiсi, одан кейін Томас Эдисонның  Edison  Illuminating  компаниясында инженер болып жұмыс істейді. Ғұмырын автомобиль өндірісін дамытуға арнаған Генри Фордтың байлығы Forbes журналында  $188 миллиард деп бағаланғаны жазылған.  Бұл Билл Гейтстiң байлығына қарағанда, төрт есе көп делінеді. Байлыққа мастанбаған  Форд өзінің ұстанымы туралы тілшілерге берген сұқбатында былай депті:   "Мен ақшаға сатып ала алатын заттарға құмартпаймын, жай ғана өзім өмір сүріп жатқан әлемді жақсартқым келедi» Бүгін біз Генри Фордтың "Менің өмірім, менің жетістіктерім" (Henry Ford "My Life and Work")  атты еңбегінен  нақылға бергісіз қысқа ғана тұжырымын аударып ұсынамыз. "Біздің кəсіпорын расында көп  пайда əкеледі, сондықтан да кəсіпорнымыз туралы айта бергім келеді. Өндірісіміздің негізгі принциптері туралы айтайын. 1. Болашақтан қорықпаңыз жəне өткенге көп мəн бермеңіз. Болашағы мен сəтсіздіктерден қорқатын адам өз жұмысының аясын өз қолымен тарылтады. Сəтсіздіктер - бұл бар болғаны бəрін қайтадан басынан бастауға жəне ақылмен жасауға берілген мүмкіндік.  Сəтсіздік ұят емес, сəтсіздіктен қорқу ұят. Өткеніміз бізге сабақ болса жəне даму жолдарын нұсқаса ғана пайдалы. 2. Бəсекелестікке назар аудармаңыз. Кім осы жұмысты жақсырақ жасайды, сол айналыссын. Біреудің бизнесін тұншықтыруға тырысу- қылмыс, өйткені олай ету пайда табу мақсатымен басқа адамның өмірін бұзуды және ақыл-ой үстемдігінің  орнына күш қолдануды көздейді. 3. Ортақ игілік үшін жұмысты пайдадан жоғары қойыңыз. Түсімсіз бір іс те алға жылжымайды. Былай қарасақ, онда тұрған ештеңе жоқ. Жұмысы жақсы ұйымдастырылған кəсіпорын көп пайда əкеле отырып, көп кіріс те кіргізеді. Алайда кіріс бизнес мақсаты үшін емес  пайдалы еңбектің нəтижесі болуы керек. 4. Өндіру деген арзан дүниені сатып алып, қымбатқа бұлдау деген емес. Өндіру деген қолайлы бағаға шикізат сатып алып, оны аз шығынмен жоғары сапалы өнімге айналдырып, тұтынушыға ұсыну. Өзгелермен жарысып, алыпсатарлықпен айналысып, адалдықтан аттау - өндірісті тұралатады." mazhab.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар