сенбі, 5 қазан, 2024 19:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды

Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
ашық дереккөзі
Таразда Шерхан Мұртаза тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Бүгін, яғни 28 қыркүйек Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның туған күні.
Қаламгердің дүние есігін ашқан күніне орай, Тараз қаласындағы "Астана" ықшамауданындағы өзі тұрған 7-үйге ескерткіш тақта орнатылды. Аталған белгінің орнатылуына Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты "Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы ұйытқы болды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев сөз сөйлеп ашты. Ол өз сөзінде Шерхан Мұртазаның қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар тұлға екенін, сондықтан да оның есімі ұлт қайраткері ретінде халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынын, шындықтың шырақшысы атанған Шер-ағаның ескерткіш-тақтаның ашылуы ұрпақ үшін ұлағатты іс екенін жеткізді. Бұдан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, жазушының немере інісі Әлижан Мұртаза ескерткіш-тақтаның лентасын салтанатты жағдайда қиды. Сондай-ақ, осы және басқа да азаматтар сөз сөйлеп, әйгілі қаламгер туралы өз ойларымен бөлісті. Жазушы өмірінен естеліктер айтты. Айта кетейік, жазушы бұл үйде 2009-2013 жылдары тұрған.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар