дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Титаник" апатының себебі басқада

"Титаник" апатының себебі басқада
ашық дереккөзі
"Титаник" апатының себебі басқада
Америкалық зерттеушілер атақты "Титаник" лайнерінің апатқа ұшырау себебі басқада болуы мүмкін деген мәмілеге келді.
АҚШ-тың тәуелсіз зерттеушісі Мила Зинкованың айтуынша, тірі қалған куәгер Лоуренс Бисли және құтқарушы Джеймс Биссет, сол түні Атлант мұхитының үстінде аспанда поляр жарқылы көрінген.  Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік поляр жарығы - жер атмосферасының жоғарғы қабаттарының жарқырауы мен күннің белсенділігіне тікелей байланысты. "Титаник туралы жазатын адамдардың көбі сол түні Солтүстік шамдар көрінетінін білмейді", деді Зинкова. Сарапашы сол түні күн сәулесінің мұхитқа тікелей түсуі лайнердің навигациялық жүйесіне әсер еткен деп есептейді. Бұл жағдай батып бара жатқан "Титаник" пен басқа кемелер арасындағы радио сигналдардың бұғатталуына әкеліп соққан болуы да мүмкін. "Егер компас тек бір градусқа ауысса да, бұл өте үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін", дейді зерттеуші. Алайда, зерттеуші магниттік бұзылыстың оң әсері де болуы мүмкін деп санайды. Өйткені ол кездейсоқ басқа кемені апаттан сақтап қалуға сеп болған. Айта кетейік, сол түні апаттан аман қалғандардың кемесінде 705 адам болған. Сонымен бірге, Титаник тарихының маманы Тим Малтин сол күнгі дауыл да апатқа сәйкес келгенін растады. Бірақ бұл сонша көп адам қырылуына алып келетінде себеп емес екенін де алға тартты. Еске салайық, Титаник 1912 жылы сәуірде Канада жағалауынан шамамен 600 шақырым жерде ңөңге соқтығысқаннан кейін суға батқан. Ғалымдардың пайымдауынша, шамамен 2030 жылға қарай кеменің қалдықтары толығымен жойылып кетуі мүмкін.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар