бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 22:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Юрий Никулин жамбылдықтарға не үшін рақмет айтты?

Юрий Никулин жамбылдықтарға не үшін рақмет айтты?
ашық дереккөзі
Юрий Никулин жамбылдықтарға не үшін рақмет айтты?

1977 жылы Францияда өткен Жоржа Садуля атындағы сый­лыққа, араға он жыл салып 1987 жылы Роттердамдағы ха­лық­ара­лық кинофестивальде сыншылардың арнайы тағайындалған сый­лығына ие болған «Соғыссыз өткен жиырма күн» («Двадцать д­ней без войны») кинотуындысының алғашқы эпизодтары 1975 жылы қаңтар-ақпан айларында Жамбыл жерінде түсіріліпті.

Бұған облыстық архив қойнауында сақ­талған 1975 жылғы 6 ақпанда Шо­қан Уәлиханов атындағы кинотеат­рын­да түсірілген фотосурет айғақ. Ол су­рет­те және облыстық газетте жарияланған ма­қалада фильмнің басты кейіпкерле­рін сомдаған Никулин мен Гурченко, «Ленфильм» киностудиясының ұжымы жам­былдықтармен кездесу өткізіп, фи­льм және оның кейіпкерлері туралы ал­ғаш рет ашық әңгіме жүргізгені си­пат­талған. Константин Симоновтың өтіні­ші­мен фильмнің режиссері Алексей Гер­ман басты кейіпкерді сомдауға май­дан­ды көрген СССР Халық әртісі Юрий Ни­кулинді шақырған. Ал оның ғашы­ғын бұл фильмде СССР-дің еңбек сіңір­ген әртісі Людмила Гурченко ойнады. Белгілі майдангер-жазушы Констан­тин Симоновтың сценарийі бойынша түсірілген фильмде 1942 жылдың соңы мен 1943 жылдың басы сипатталған. Фильмнің басты кейіпкері майдангер-журналист Василий Лопатин Ста­линград түбіндегі шайқастан кейін 20 күн­дік демалыспен Ташкентте тұрып жатқан туыстарымен қауышуға жол тар­тады. Жол-жөнекей ол қазақ жері­мен де танысып, сол жерден тіпті жа­нына жылу сыйлаған адамды да жо­лық­тырады. Қан майданның бел ортасында жүрген жауынгер, тылдағы бейбіт өмір­ге алғаш үйренісе алмағанымен, қай­тарға уақыт жақындағанда ол өзінің махаббатын тапқанын ұғады. Жамбылдағы кездесу кешінде бас режиссер Алексей Герман «фильмнің «Соғыссыз жиырма күн» деп аталу се­бебі – фильм соғыс жылдарындағы бей­біт күнді сипаттайды» деп түсін­діріпті. Ал басты рөлді сомдаған Юрий Ни­кулин өзінің шығармашылығы туралы жамбылдықтарға былай әңгімеледі: «Мен көбіне комедиялық фильмдерге түсу арқылы белгілі болғанымды мақ­таныш етемін… Бұл жолы мен аса күр­делі драмалық рөлді атқарамын. Бай­қауымша, ол жаман болып шықпайтын секілді. Өйткені солдат өмірі маған бейтаныс емес. Өзім соғыс кезінде небір айқастарға шыққан адаммын. Оның үстіне қауіп-қатерлі майдан даласында жүргенде-ақ қаруластардың көрке­мөнерпаздар ұжымын ұйымдастырған болатынмын. Сол тұста жұрт мені бол­ма­шы нәрседен күлкі тудыратын артист, клоун ретінде тани бастаған еді», – дей келе, сықақтарын оқыды. Әртіс сөзінің соңын былай қорытын­дылапты: «Бізді жамбылдықтар үлкен қошеметпен қарсы алды. Тіпті, кино­фильміміздің өзіне белсене қатыса бастады. Оларды көп кешікпей экран­дар­дан, біздің жанымыздан көретін бо­ласыздар. Біздің ұжым аса мейман­достығы үшін қазақ жеріне, Жамбыл жеріне үлкен рақметін айтады». Бұл кез­десу кеші әртістерге қошемет көр­сетумен және «Кавказ тұтқыны» фи­ль­мін тамашалаумен аяқталыпты.

Назым ҚОЖАМАРОВА, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының бөлім меңгерушісі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар