сенбі, 23 қараша, 2024 8:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавирусты бірнеше секундта анықтайды

Коронавирусты бірнеше секундта анықтайды
ашық дереккөзі
Коронавирусты бірнеше секундта анықтайды
Ұлыбританияда бірнеше секунд ішінде коронавирусты анықтайтын тест жасалды. Жаңа тестті Лоуборо университетінің ғалымдары мен TOXY-triage жобасымен жұмыс істеген әлемнің түрлі елдеріндегі дәрігерлердің нәтижелеріне сүйене отырып дайындаған.
Британ ғалымдары жақында коронавирус инфекциясын бір­неше сағат емес, бірнеше секунд ішінде анықтаудың қара­пайым әдісі пайда болуы мүмкін екенін растайды. Тесттің толық орындалуы бірнеше минутты алады. Уэльсте жасалған тыныс алу тесті Covid-19 вирусын тыныс алу жолдарының басқа да инфекцияларынан бірден ажыратады. Шотландия мен Германияда өткізілген жаңа тесттің сынақ нәтижелері медициналық Lancet журналында жарияланған. Оны жасаушы Imspex Diagnostics компаниясы қаржы табылса, сынақ құрылғысы алты айда пай­да­лануға дайын болатынын мәлімдеді. «Тест нәтижесінің тез дайы­н болатыны тек ауруханаларда емес, әртүрлі жағдайларда қол­­дануға мүмкіндік береді. Оның әлеуеті авиацияда, жалпы көлікте, мигранттармен жұмыс кезінде көрінеді. Тыныс алу үлгісін тез алуға болады, ол ин­­вазивті емес, сізге арнайы дайын­далған адам қажет емес, бірнеше минут ішінде сіздің қо­лыңызда тест жауабы болады», дейді құрастырушылар. Бұл құрылғы бастапқыда өк­пенің қатерлі ісігі сияқты аурулар­ды диагностикалау мен бак­те­риялық және вирустық инфекция­ларды тез ажырату үшін тесттер әзірлеу кезінде қол­­данылатын технологияға негіз­делген. Алайда әлемді жай­лаған пандемия бас­талғаннан кейін фирма коронавирусты диагностикалауға арналған тест жасауға шешім қабылдады. Зерттеушілер мұндай құрылғы Covid-19 вирусын басқа инфекциядан қаншалықты ажырата алатынын сынап көрді. Құрылғы тыныс алу үлгісін талдайды, тұ­рақсыз химиялық элементтерді іздейді, олар респираторлық ауру­дың түрін анықтайды. Тест­тер осы элементтердегі Covid-19 қол­таңбасын анықтай алды, ол кейінірек басқа инвазиялық тес­тілеу әдістерімен расталды. Жал­пы, тестер коронавирусты астма немесе бактериялық пневмония сияқ­ты басқа аурулардан ажырата отырып, 80% жағдайда вирусты анықтай алды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар