Технология

Министр еGov порталына ЭЦҚ-сыз тіркелу жолын көрсетті

Министр еGov порталына ЭЦҚ-сыз тіркелу жолын көрсетті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov порталының электронды цифрлық қолтаңбасыз тіркелетін нұсқасын таныстырды. «Достар, мен eGov порталы қарапайым пайдаланушылар үшін емес, IT мамандарға арналып жасалды деген шағымды бірнеше рет естідім. Шынында да, eGov порталына кіріп, Мобильді азаматтар базасына тіркеліп, содан кейін ЭЦҚ орнатып, компьютерден бейне қоңырау шалу арқылы екі рет қоңырау соғу тіпті озық пайдаланушыға да қиын. Жақында ғана әріптестерім eGov порталына тіркелу үшін ешқандай ЭЦҚ-сыз, азаматтың тек қана БЕТІ жеткілікті нұсқасын іске қосты! Бәріңізге рахмет. Егер ескертулер мен ұсыныстар болса, әрбіріне жауап беруге дайынмын», – деп жазған Facebook парақшасында министр порталға кіріп, тіркелу жолын көрсететін видеоны бөлісті.