Ауызсусыз отырған елді мекен (видео)
Ауызсусыз отырған елді мекен (видео)
Ауыл өзеннің жағасында отырып, құбырынан қазір су емес, ауа атқылайды. Бұл жағдайға 4 ай болған. Ал оған дейін күніне бір-екі сағат болса да берілген екен. Сырттан көлікпен әкелінетіні де өткен аптадан бері жоқ. Сондықтан ел Есіл өзенінен су тасып ішуге мәжбүр. Оны кейбірі сүзгі сатып алып, тұндырып ішеді екен. Бұған шамасы келмегендер, амал жоқ, өзеннің суын сол күйде ішуге мәжбүр. Ауылдықтардың айтуынша, елді мекендегі 125 отбасының 50 шақтысы осындай лас суды пайдаланады. Суды әкелуге мүмкіндік болмаса ел сатып алуда. Мысалы, 4 куб су 5 мың теңге тұрады. Осы мәселемен ауыл тұоғындары талай мекеменің табалдырығын тоздырып, талай жерге хат жазған.