Өз ісіне адал тәрбиеші
Өз ісіне адал тәрбиеші
Түзеу мекемелерінде жасақ бастығының қызметі маңызды рөлге ие. Өйткені, бұл қызметті атқаратын жанның негізгі мақсаты – арнайы контингент арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сотты болғандармен әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу әрі жазасын өтеушілердің туған-туыстарымен әңгімелесу. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жасақ бастықтарының бірі - Айнұр Ахашева. 2011 жылдан бері құқық қорғау саласында жұмыс істейтін Айнұр Нұрболатқызы бұған дейін облыс аумағындағы өзге де жабық мекемелерінде қызмет етіп, тәжірибе жинаған. Шені – әділет майоры. Жасақ бастығы қызметіндегі бір жыл ішінде ол сот үкімімен кінәлі деп танылған азаматтарды түзелу жолына түсіру және қоғамға бейімдеу мақсатында еңбек етіп келеді. Айта кетейік, бүгінде №26 түзеу мекемесінде 14 сотталған әйел жазасын өтейді. Оның ішінде, 12 нәзік жанды азаматша ақылы жұмыспен қамтылған. https://youtube.com/shorts/ru04KyP-JXY?feature=share