дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 13:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"100 млн пара алған": БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды

"100 млн пара алған": БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталды
Фото - ашық дереккөз
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолын кесті. Бұл туралы құқық қорғау органының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

— Көрсетілген тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыда құжатта көрсетілген, — делінген хабарламада. 

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар