28 келі есірткімен ұсталған жамбылдықтар бас бостандығынан айрылды
28 келі есірткімен ұсталған жамбылдықтар бас бостандығынан айрылды
Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі тәркіленді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Оның айтуынша, құқықбұзушылардың тұрғылықты жеріндегі шөп қораны тінту кезінде тағы да 1,5 қап есірткі заты табылған.
Ведомство мәліметінше, Тұрар Рысқұлов аудандық сотының үкімімен ұсталғандар осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.