Заң
291 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қазан, 2025
- 335
Бұл туралы прокуратура мәлім етті
Ақсу қаласының мамандандырылған тергеу соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сотталушылар қатарында Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер отыр. Екеуі де 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот процесі көрсетілім сипатында өтіп, оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
- Еске сала кетейік, 2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актілерінің заңсыз түрде қол қойылғанын анықтаған болатын. Алдын ала тергеу барысында арнайы прокурорлар мемлекетке 290 млн теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады, - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Келесі мақала





