"35,6 млн теңге шығын келген": Алматыда сот орындаушысы сотталды
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті
Алматы қаласында жеке сот орындаушысы мүлікке салынған тыйымды заңсыз алып тастағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Анықталғандай, сот орындаушысы борышкердің банк шотына бұрын салынған тыйымды заңсыз алып тастаған, бұл шотта берешекті өтеуге жеткілікті қаражат болған.
Осының салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.