сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

68 келі есірткімен қолға түсті

68 келі есірткімен қолға түсті
ашық дереккөзі
68 келі есірткімен қолға түсті

Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері "Қарасора-2020" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының құмға жақын маңдағы аймағында есірткінің жасырын орнын қазу кезінде Тараз қаласының 29 және 37 жастағы тұрғындарын ұстады.

Жасырын қоймада жалпы салмағы 68 келі 450 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты салынған 9 полипропилен қап табылып тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, Тұрар Рысқұлов АПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://youtu.be/cEMkOZLkD5I
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар