дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

70-ке жуық адамды алдаған алаяқ Ресейден Қазақстанға жеткізілді

70-ке жуық адамды алдаған алаяқ Ресейден Қазақстанға жеткізілді
фото - ашық дереккөзден
Оған 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірген алаяқ Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратура дерегінше, күдікті Павлодарда 2019-2023 жылдар аралығында таныстарынан бизнесті дамыту үшін ақша алып, кепілдік ретінде өзіне тиесілі емес пәтерді ұсынған.

Оның қылмыстық әрекеттері салдарынан Павлодар қаласының 66 тұрғынына жалпы сомасы 223 млн теңгеден аса шығын келтірілді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты олхалықаралық іздеуге жарияланған.

 

- Өткен жылдың желтоқсан айында ол Ресей Федерациясы Адыгея Республикасының аумағында ұсталды, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,- делінген ресми хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар