Заң

«9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан»: Маңғыстауда пирамида ұйымдастырушылары ұсталды

The final spritzer

Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Sax Invest» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұған дейін хабарланғандай, компания өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздар, қаржы құралдары мен басқа да активтердің иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде таныстырған.

 Нәтижесінде ұйымдастырушылар мыңнан астам салымшыдан заңсыз түрде 9 млрд теңгеден астам қаражат тартқан.

Сондай-ақ, ол 2023 жылдың соңына дейін 7 млрд теңге сомасында 1000-нан астам салымшыға қаражатты қайтарамын деген кепілдік міндеттемелерін берген. Алайда, бұл уәдесіне қарамастан, салымшыларға ақшаларын қайтармаған.