9 мың теңге пара алған судья сотталды
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында мамандандырылған сотта пара алған сот 3 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.
- 2020 жылы 14 қазанда Сарыағаш аудандық соты Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаевқа 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан әкімшілік хаттама толтыру кезінде анықталған заңбұзушылық бойынша жекелей қаулы шығармас үшін 9 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген, - деді Биғайдаров.zakon.kz.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз