дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде сыныптасын соққыға жыққан қыздар кешірім сұрады (Видео)

Ақтөбеде сыныптасын соққыға жыққан қыздар кешірім сұрады (Видео)
ашық дереккөзі
Ақтөбеде сыныптасын соққыға жыққан қыздар кешірім сұрады (Видео)

Әлеуметтік желіде біренше қыздың оқушы қызды аяусыз соққыға жығып жатқан видео тараған. Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болғаны анықталды.

Желіде жарияланған видео кадрларында бірнеше мектеп жасындағы қыздың сыныптастарын қалай ұрғаны көрсетілген. Қыздардың бірі күрес әдістерін қолданып, жәбірленушіні шашынан сүйреп, басын тізесімен қысқан.

Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, болып жатқанның бәрін ұялы телефонның камерасына түсірген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді" делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біраз уақыттан кейін желіде сыныптастарын соққыға жыққан қыздардың кешірім сұраған видеосы пайда болды.

"Ашу үстінде болды оның барлығы.  Адам ашу үстінде не істемейді, сол кезде мен оның шашынан тартып сүйредім. Барлығына мен жауаптымын, барлығы үшін де кешірім сұраймын" делінген екінші видеода.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар