Ақтауда алимент төлемеген азамат сотталды
Оның борышы 3 млн теңгеден асып жығылады
Ақтау қаласында алимент төлеуден жалтарып келген азамат 6 айға сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтау қаласының прокуратурасы мәлімдегендей, алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.