дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алаяқтарға алданғандар қаржысын қайтара ала ма?

Алаяқтарға алданғандар қаржысын қайтара ала ма?
ашық дереккөзі
Алаяқтарға алданғандар қаржысын қайтара ала ма?

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында жетекшілері алаяқтық жасады деп айыпталған "Выгодный займ" және "Гарант 24 Ломбард" несие компаниялары салымшыларының мүддесін қорғап жүрген Тараз қаласының тұрғындары Нұргүл Шалова, Бердібек Авхинбаев және Саида Елубекова болды.

Бүкіл Қазақстан бойынша жүздеген адам қаржы пирамидасының кепіліне алынғаны белгілі. Жарнамаға сеніп, адамдар күмәнді компанияларға қомақты ақша салған. Сонымен қатар, салымшылар компаниялардың лицензиясыз заңсыз жұмысына алаңдаушылық танытпаған. Нәтижесінде тез және оңай жолмен байығысы келгендер «қақпанға» тап болып, өздері  салған қаржыларын қайтара алмауда. Салымшылардың көпшілігінде банктерде несиелері бар десек, оларды уақтылы төлеу керектігі  белгілі.

- Сіздердің мәселелеріңізді жақсы білеміз. Бұл іс бойынша тергеу әлі жалғасуда. Мұнан кейін сот процесі өтеді. Өз кезегімізде біз де сіздердің мәселелеріңізді заң аясында оңынан шешілуіне қол ұшын созамыз, - деді облыс әкімі.

 width=

Өтініш берушілер алаяқтардың өздерінің лайықты жазасын алатындарына және ақшаларын қайтаратындарына күмәнданады. Сондай-ақ олар несиелері бойынша жеңілдік кезеңін алуға көмек сұрады.

- Кінәлілер заңға сәйкес жауап береді. Бұл компанияларға қатысты қылмыстық істер мұқият зерттелетін болады және тергеудің объективті түрде өтетіне күмән жоқ. Қазір ондай заман емес. Сіздердің қазіргі несиелер бойынша төлемдеріңізге келетін болсақ, менің тиісті орынбасарым осы мәселе бойынша жұмыс жасайды. Біз мүмкіндігінше көмектесуге тырысамыз, - деп сендірді ол.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар