Алаяқтық бойынша іздеуде жүрген қазақстандық Түркияда ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 қаңтар, 2026
- 66
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге қайтарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беруге уәде етіп, алдау жолымен олардың ақшалай қаражатын иемденген.
Аталған қылмыстық әрекеттер салдарынан 8 адам жапа шегіп, келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгені құрады.
- Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан тыс жерге бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды, - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеу арқылы бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда есірткі тасымалдады деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2026
Былтыр елімізде іздеуде жүрген 1600-ге жуық қылмыскер ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 6 қаңтар, 2026






