Заң
Алматыда іс жүргізуді жасанды жолмен созған жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қараша, 2024
- 335
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді
Атқарушылық заңнаманы қадағалау шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысы тарапынан әлеуметтік маңызды санаттағы істердің өндіріп алу бағыты бойынша бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алимент өндіріп алуға байланысты 6 атқарушылық іс жүргізу жөнінде бұзушылықтар анықталды. Сот орындаушысы іс жүргізулерді бір өңірден екінші өңірге негізсіз жолдай отырып, жасанды жолмен созбалаңдыққа салуға жол берген.
- Сондай-ақ тыйым салуларды заңсыз алып тастау, берешектерді өндіріп алу бойынша шараларды уақтылы қабылдамау және уәкілетті органдардың талаптарын елемеу жағдайлары анықталды.Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды,- деп жазылған хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қылмыстық құқық бұзушылық: Зайыбын ұрғандарға қандай жаза тағайындалады
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2024