сейсенбі, 24 ақпан, 2026 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 40 шетел азаматы елден шығарылды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 40 шетел азаматы елден шығарылды
Фото: Polisia.kz
Азаматарды елден шығару іс-шарасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір тұлғаның құжаттық рәсімделуі және шекараға дейінгі қауіпсіз тасымал бақылауымен жүргізілді.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтау аясында Алматы қаласында тәртіпті бұзған деп танылған 40 Өзбекстан Республикасының азаматы ел аумағынан шығарылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оларды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен шекарасына дейін арнайы рейстік автобустар арқылы барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауымен тасымалдау ұйымдастырылды.

«Біз қаламызда шетел азаматтарының көші-қон заңнаманы сақтауын және заңды тұрғылықты болуын қадағалаймыз. Анықталған тұлғалар көші-қон тәртібі ережелерін бұзғандықтан, заңнамаға сәйкес ел аумағынан шығарылды. Біздің міндетіміз – құқық тәртібін қамтамасыз ету, қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық адамдардың заңға бағынуын қамтамасыз ету», – деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызмет басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

 

 

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар