Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 40 шетел азаматы елден шығарылды
Азаматарды елден шығару іс-шарасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір тұлғаның құжаттық рәсімделуі және шекараға дейінгі қауіпсіз тасымал бақылауымен жүргізілді.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтау аясында Алматы қаласында тәртіпті бұзған деп танылған 40 Өзбекстан Республикасының азаматы ел аумағынан шығарылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оларды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен шекарасына дейін арнайы рейстік автобустар арқылы барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауымен тасымалдау ұйымдастырылды.