Қарағандыда 33 жастағы тұрғын әкесінің пәтерінде есірткі өсірген
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:18
- 26
Қарағанды облысында полицейлер зейнеткердің пәтерінде заңсыз қарасора өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру барысында 70 жастағы тұрғынның пәтерінен арнайы жабдықталған шағын жылыжай табылды. Үй жағдайында өсірілген қарасора бұталары мен өсімдіктерге қажетті құрал-жабдықтар тәркіленді.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған есірткі өсімдіктері пәтер иесінің 33 жастағы ұлына тиесілі. Оның айтуынша, ол күз мезгілінде қарасора тұқымдарын әкеліп, әкесінің үйінде өсіруді бастаған.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары қағазға оралған кептірілген өсімдіктерді де заттай дәлел ретінде алды. Күдікті қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсіргенін және есірткі заттарын біраз уақыттан бері тұтынып жүргенін мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғанын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.






