Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталатын болады
Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталатын болады
Мәжіліс депутаттары өлім жазасын алып тастау туралы заң жобасын әзірлеп, талқылауға ұсынды.
Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман мәжіліс отырысында азаматтық саяси құқықтар туралы халықаралық өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативті хаттамасына 2020 жылдың 28 қыркүйегінде Нью-Йоркте қол қойылды деп мәлімдеді.
"Хаттама біздің елдің өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауға бағытталған. Комитет бұл заң жобасын қабылдауға және 2021 жылдың 23 маусымына дейін қорытынды дайындауға дайын", - деп қосты депутат. Бұған дейін Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылды, тиісті құжатқа БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қол қойды. Қазақстанда өлім жазасын қолдану президенттің тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен 2003 жылы тоқтатылды. stan.kz