Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы күні кеше алғашқы тыңдау өткен ең резонансты сот істерінің бірі – экс министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бас прокуратура қазір медиа кеңістікте осы істің тергеуіне қатысты күмәнді материалдар жарияланып жатқанын алға тартып отыр.
Сонымен қатар, дереккөз көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделетінін ескертіп отыр.