Белгісіз таблеткалар кіргізбек болған
Белгісіз таблеткалар кіргізбек болған
Жазасын өтеушілердің туған-туыстарына түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілсе де, олардың түрлі қитұрқы әрекеттерге баруы толастамай тұр. Тараздағы ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматпен қысқамерзімді кездеуге келген азаматша сәлемдеме арқылы мекеме аумағына рұқсат етілмеген заттарды өткізуге тырысқан. Мекеме қызметкерлері сотталғанның біріне келген сәлем-сауқатты жіті тексеру барысында 24 тал темекінің ішінен 89 дана ақ түсті таблетка тапты. Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалды.