бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 20:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталған

Дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталған
ашық дереккөзі
Дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталған

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Айбек Әжібаевпен «Адалдық пен адамдық қоғам айнасы» атты онлайн кездесу өткізді.

Кездесуде Айбек Итқараұлы департаменттің 2020 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына кеңінен тоқталды. Мәселен, облыста қалалық, аудандық әкімдіктердің 100 пайыз қызмет көрсетудің сервистік үлгісіне көшкені, 2020 жылы «Жамбыл-адалдық алаңы» жобасына 771-ден аса ұсыныс түсіп, оның оң шешілгені, «Антикор лайф», «Адал көмек» жобалары іске қосылып, департамент жанынан «Үгіт» ақпараттық штабы құрылып, 1 042 тікелей эфир өткенін атап өтті. Айбек Әжібаев мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында жоспар қайта қаралып, 626 млн. теңге бюджет қаражатының үнемделгенін, 24 кәсіпкердің құқықтарының қорғалғанын, «Сапалы жол» жобасы аясында 70-ке жуық кемшіліктің анықталғанын, жолды зақымдау, шамадан тыс жүк тасымалдау сияқты құқықбұзушылықтарды анықтап, 16 млн. теңге айыппұл салғанын, «Адал фарм» жобасы аясында 167 дәріхана мен 32 дәрілік қоймаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, дәрілік заттарды заңсыз сату бойынша 42 факті анықталып, 32 әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты. Сонымен бірге, білім, денсаулық және өзге де салаларда қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізіп, жастарды парасаттылықта, адалдыққа баулитын іс-шаралар өтетін де атап өтті.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар