жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Дубайда ұсталды": 300 млн теңгеден асатын мұнайды заңсыз сатқан күдікті экстрадицияланды

"Дубайда ұсталды": 300 млн теңгеден асатын мұнайды заңсыз сатқан күдікті экстрадицияланды
Фото: Видеодан скрин
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz


— Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған. Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған. 2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар