Заң
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025
- 421
Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады
Алматы облысында құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған бейнебаян түсірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған туынды бір тәуліктің ішінде 1 миллионға жуық қаралым жинады.
Бейнебаянның негізгі идеясы — заң талаптарын мүлтіксіз орындау және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрметті нығайту. Авторлардың айтуынша, тәртіп әрбір азаматтың «заң — ең жоғары құндылық» деген ішкі сенімінен басталуы тиіс.
«Біз заңға бағыну — жоғары мәдениеттіліктің және отандастарыңа деген құрметтің белгісі екенін жеткізгіміз келеді. Бұл — өңіріміздегі қауіпсіз өмірдің іргетасы», — деп атап өтті облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
"Заңсыз көші-қон": Алматыда бір бөлмелі пәтерде 109 адам тіркелген
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2026





