бейсенбі, 30 сәуір, 2026 19:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде заңсыз баюдың қылмыстық схемасы тоқтатылды

Елімізде заңсыз баюдың қылмыстық схемасы тоқтатылды
Polisia.kz
Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңгені құрады

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Ішкі істер министрлігі өнеркәсіп саласындағы қылмыстардың жолын кесу және бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz мәлімдегендей, 27 сәуірде Қарағанды облысында полиция қызметкерлері "Qarmet" АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Анықталғандай, күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.

Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңгені құрады. Барлығы заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды – олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар