Енді азаматтарға құқықтық кеңес беруге жасанды интеллект енгізіледі

Бұл үшін жұмыс тобы құрылған
Әділет министрлігінің өкілі азаматтарға құқықтық кеңес беру үшін ЖИ енгізілгенін айтты,- деп хабарлайды jambylinfo.kz
ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков атап өткендей, заң шығару саласына жасанды интеллектті енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан университеттерімен жұмыс тобы құрылған. Сонымен қатар, бизнес-ортамен ынтымақтастық орнатылуда.
Қазіргі уақытта Е-Zan Komegi мобильді қосымшасында азаматтардың сұрақтарына 24/7 жауап беретін чат-бот әзірленіп жатыр.