Фазенда иесінен 150 келіге жуық марихуана тәркіленді
"Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданының құмды аймағында Жаңажол ауылының жанында орналасқан фазенда иесі ұсталды. Жамбыл облысының ЕҚҚІБ қызметкерлері фазенданы санкцияланған тінту кезінде марихуана салынған он целлофан дорба тапты. Алынған заттың жалпы салмағы 146 килограмнан асты.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының УҰИ-не қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала