сенбі, 31 мамыр, 2025 20:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Фитосанитарлық бекетте пара алған испекторларға үкім шығарылды

Фитосанитарлық бекетте пара алған испекторларға үкім шығарылды
Фото - ашық дереккөз
Олар 13 жүк көлігін тексерусіз бекеттен өткізген

Қарабалық аудандық соты Қостанай облысының фитосанитарлық бақылау бөлімінің екі бас маманына үкім шығарды, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Олар 13 жүк көлігі жүргізушісінен карантинге жатқызылған өнімді тексерусіз шекарадан кедергісіз өткізгені үшін 2-ден 20 мың теңгеге дейін пара алған. 

 

- Инспекторлар мен 13 пара беруші мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, инспекторлардан алынған пара сомасы өндірілді. Сот мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша қызметкерлер арасында профилактикалық жұмысты күшейту және болашақта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жою мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне – жекеше қаулы шығарды, - делінген хабарламада.

 

Үкім пара алушылардың әріптестерінің қатысуымен жарияланып, заңды күшіне енді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар