Заң
Инвестициялық жарна: 350 қатысушысы бар «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 маусым, 2025
- 653
Алаяқтар азаматтардан 790 миллион теңгеден астам қаражат жинаған
350 қатысушысы бар «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.
Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.
Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.
- Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген ҚМА хабарламасында.
Келесі мақала
Сақ болыңыз: әуежай атынан жалған жарнама тарап жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Заң
Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2026






