Заң

Іздеуде жүрген алты күдікті құрықталды

Іздеуде жүрген алты күдікті құрықталды

Жамбыл облысының ПД қызметкерлері алты күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысының ПД қызметкерлері ұрлық, алаяқтық, қорлау, есірткі заттарын медициналық емес тұтыну және т.б. жасағаны үшін іздеуде жүрген төрт күдіктіні ұстады.

Бұдан басқа Жамбыл облысының аумағында сотталғандарға қатысты пробациялық бақылауды бұзған Алматы қаласының 30 және 40 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

Ұсталған азаматтардың барлығы Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.