Ол 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылдың 14 қазанында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 11 қазанда ҰҚК қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізген.
"Көрсетілген адам аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген ҰҚК хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025
Заң
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025






