ҰҚК: Халықаралық іздеудегі адвокат ұсталды
Ол 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2025 жылдың 14 қазанында халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 11 қазанда ҰҚК қызметкерлері Ішкі істер министрлігінің Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізген.