Көлігінен 34 келіден астам есірткі табылды
"Қарасора-2020" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпарат бойынша Тараз қаласының автобекеті жанында полиция қызметкерлері "Митсубиси" маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде осы көліктің жолаушыларына тиесілі жалпы салмағы 34 келі 760 грамм болатын "кептірілген марихуана" есірткі заты салынған 3 қапты тауып, тәркіледі.
ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған 53 жастағы Тараз қаласының тұрғыны мен Меркі ауданының 65 жастағы тұрғыны кінәларын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қаламгер Болат Бекжанов өмірден озды
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні ұстады
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Заң
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2026






