Заң

Көлігінен 34 келіден астам есірткі табылды

Көлігінен 34 келіден астам есірткі табылды

"Қарасора-2020" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпарат бойынша Тараз қаласының автобекеті жанында полиция қызметкерлері "Митсубиси" маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде  осы көліктің жолаушыларына тиесілі жалпы салмағы 34 келі 760 грамм болатын "кептірілген марихуана" есірткі заты салынған  3 қапты  тауып, тәркіледі.

ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған 53 жастағы Тараз қаласының тұрғыны мен Меркі ауданының 65 жастағы тұрғыны кінәларын мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.